Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматы өңірінде  имамдарға арналған семинар өтті (ФОТО)

Алматы  облысы, Қарасай ауданы, Үшқоңыр ауылы «Үшқоңыр» медресе колледжінде  облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен және облыстық «Қарасай батыр» мешітінің ат салысуымен өңір имамдарына 3 күндік семинар өтті.

      Семинарға қатысушы ҚМДБ-ның Алматы өңіріне қарасты қала-ауыл мешіт имамдарына  ҚМДБ-ның Талдықорған аймағының өкіл имамы Серікхан Рымханұлы Ахмадиев, ҚМДБ-ның Алматы аймағының өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы, Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы Р.Есдаулетов, республикалық ақпарат топ мүшесі Лола Сергеевна Шакимова, «Білім» білім беру орталығының директоры Руслан Самарқанұлы Иржанов, «Абрис» тренинг орталығының жетекші маманы Ақан Орынбайұлы Мергенбаев, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің аға оқытушысы, исламтану ғылымының докторы Қайрат Құрманбаев, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, дінтанушы ғалым Ризабек Батталұлы, «Ізгілікті істер» қоғамдық қорының дінтанушылары мен мамандары қатысып, дәріс оқыды.

        Семинарда діни экстремизм мәселелері, терроризммен күресу әдістері, жат ағымдардың таралуына жол бермеу, әлеуметтік желіде жұмыс жүргізу тәжірибесі, діни мәтіндерді түсінудің теория-методология мәселесі кеңінен қозғалды.Сонымен қатар зияткер имамдардың заман талабына сай біліктілігін  арттыру,  іскерлік пен ұйымдастырушылық қабілетін  қалыптастыру туралы да ұтқыр ойлар мен ұтымды кеңестер берілді.

     Жиын соңында семинарға қатысқан имамдарға сертификаттар және естелік сыйлықтары табыс етілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат