Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҮШ КҮНДІК СЕМИНАР

ҚМДБ Ақмола өкілдігі 15.07.2017 528 0 пікір

Степногорск қалалық ,,Паң Нұрмағамбет,, мешітінде Ақмола облыстық Науан хазірет мешіті мен ,,Насихат,, қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстың аудан имамдары және ауыл молдаларына арналып үш күндік семинар болып өтті. Бұл шараға елімізге танымал дінтанушы теологтар Асқар Сабдин мен Қайрат Құрманбаевтар арнайы келіп, ақида, хадис, фиқһ негіздерінен дәрістер оқыса, Данияр Тоқсанбаев тарихтан дәріс берді. Елуге тарта дін қызметкерлері қатысқан семинарды ашқан ҚМДБ-ның Ақмола облысындағы өкілі, Науан хазірет мешітінің бас имамы Қуаныш Сәбит және облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысы Болат Қасенов кіріспе сөз сөйледі. Бүгінде діни қызметкерлердің білімін жетілдіру аса маңызды мәселе. Білімді имам дінді насихаттаудың басты тетігі екенін де ұмытуға болмайды. Семинар барысында имам-молдалар көп мағұлмат алып, танымдарын жоғарлатты. Білікті мамандардан шариғат сырларына қанықты. Мысалы, Асқар Сабдин мен Қайрат Құрманбаевтар оларға терең білім берсе, қари бауырымыз Теміржан Мұратов Құран жайлы салиқалы дәріс оқыды. Ал, оқыту семинарынан босаған уақыттарында спорттық шараларға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттады. Соңынан барлық семинар қатысушыларына арнайы сертификаттар табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат