Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматыда әйел ұстаздар білім сертификаттарын алды

Алматы қаласында діни мамандардың сауатын жетілдіру бағытында Кала әкімдігі, Дін істері басқармасымен бірлескен 5 кезеңдегі имамдар, ұстаздар және азаншыларға семинар өткен болатын. Осы семинардың 6-бөлігі ретінде әйел ұстаздарға да білім жетілдіру шарасы ұйымдастырылды.

Шараға қала мешіттерінде дәріс өтіп жатқан әйел ұстаздардан 25 ұстаз қатысты.

Семинарда ҚМДБ-ның білікті ұстаздары дәріс оқыды. Ұстаздар тәжуид ілімдері, дін қызметкерінің этикасы, тәфсир ғылымы, шешендік өнер және бүгінгі отбасылық мәселелер тақырыбында 36 сағат дәріс оқылды.

Шараға бас имам Нұрбек Ауесханұлы қатысып, ««Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербететі» - деген ұлағатты сөз бар. Шынында әйел жамағатын тәрбиелеген ұстаздарымыздың білікті болуы өте маңызды. Сіздерге үлкен үміт артудамыз. Осынау семинар білімнің бір нүктесі ғана. Осы біліммен тоқталмастан, одан ары білімдеріңіз арта беруіне күш салатын боламыз»,-деп сөз қорытындылады.

Алматы қаласы әкімдігі, Дін істері басқармасының басшысы Айдар Рақымжанұлы өз кезегінде осы секілді шаралардың ұйымдастырылуы елімізге берер пайдасы мол екенін айтты.

Шара соңында Ұстаздар білім сертификаттарына ие болды. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат