Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өскемендегі тарихи ескерткіш санатындағы мешітке жөндеу жүріп жатыр

 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен «Өскемен орталық мешітіне» жөндеу жұмыстары жүріліп жатыр. Аталған ғимарат көп жылдар бойы жөндеу көрмей сыртқы сылақтары түсіп, бүліне бастаған болатын.

 Осы мәселені ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы облыс басшылығына жеткізудің нәттижесінде арнаулы қаражат бөлініп, жөндеу шаралары басталып та кетті.

 «Бұл мешіт тарихи ескерткіш болып саналады. Ірге тасының қаланғанына биыл 120  жыл толып отыр. Осы тарихи құрылысқа мешітіміздің орын тепкені де үлкен мәртебе. Біз мешітті жыл сайын өз күшімізбен жөндеп, сыртқы сәулетін таза ұстап келеміз» деп атап өтті, осы мешіттің бас имамы Бауыржан Нығызбекұлы.

 Жөндеу жұмыстары құрбан айттан бұрын аяқталады деп жоспарланып отыр.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат