Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өскеменде «Тауаф» қажылық компаниясының таныстырылымы өтті

Биыл ҚМДБ-ның жанынан «Тауаф» атты қажылық компаниясы құрылған болатын.

Өткен жұма күні ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі өңірге қарасты аудандық, қалалық мешіттерде «Тауаф» қажылық компаниясының таныстырылымын өткізді.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде өткен шарада ҚМДБ Өскемен аймағы өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы жиналған халыққа қажылық парызы туралы айта келе, «Діни басқарма қажылық рәсімін жетілдіру мақсатында биыл «Тауаф» қажылық компаниясын құрды. Қажылық - саяхат немесе кәсіп емес, ең бірінші құлшылық рәсімі. Бұл іспен Діни басқарманың айналысуы дұрыс бастама деп ойлаймын» деп атап өтті 

Іс-шарада осы компания туралы парақшалар таратылып, бейне ролик көрсетілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат