Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкент: Жастар ісі бөлімі табиғат жанашыры

Дәл осындай бастаманы облыстық Жастар ісі бөлімінің Қазығұрт және Сарыағаш аудандық бөлімдерінің ұйымдастыруымен  Қазығұрт ауданындағы Қазығұрт тауының баурайында ашық аспан аясында семинар өткізді.

Аталмыш семинарға арнайы ҚМДБ Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысxанұлы, ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Аxметжан қажы Керімбек, ОҚО «Нұр-Отан» партиясы Жас Отан жастар қанатының басшысы  Бауыржан Молдабеков, ОҚО Жас проджек жобасының басшысы Сейдулла Кеңесбайұлы және қала, аудан бойынша жастар ісі бөлімінің өкілдері қатысты.

Шара аясында ҚМДБ Жалпы және Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысxанұлы діни басқарманың алда атқаратын жұмыстарын баяндай келе, жас мамандарға дәріс оқыды.

Мұнымен қатар, жастар арасында спорттық шаралар мен өзге де ойын түрлері ұйымдастырылды.

Іс шара соңында ҚМДБ-ның төрт бағыты бойынша үздік жұмыс атқарған бірқатар жастар ісінің мамандарына алғыс хат табыс етілді. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат