Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Шымкентте «Тауаф» фирмасы қажылық курсын ұйымдастыруда

Шымкент қаласы облыстық орталық мешітінде ҚМДБ-ның «Тауаф» қажылық фирмасының ұйымдастыруымен «Қажылық – жауапты һәм сауапты ғибадат!» атты оқу семинар жұмыстары  басталды.

Семинар жұмысының ашылу салтанатына ҚМДБ ОҚО өкіл имамы Аxметжан қажы Керімбек, оның орынбасары әрі қажылық бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров, «Сембекова и к», «Хикмет», «Әл Маруа», «Ордабасы НЖ» фирмаларының өкілдері т.б.  қажылыққа ниет етуші азаматтар қатысты.

Дәстүрлі іс шараны облыс имамы Ахметжан қажы Пірәліұлы ашып, ҚМДБ-ның тарапынан тұңғыш рет ашылып отырған «Тауаф» қажылық фирмасының жұмысымен таныстырып, барша ниет етушілерді қажылық маусымының ашылуымен құттықтады.

Мұнымен қатар, облыс имам орынбасары әрі қажылық бөлімінің жетекшісі Мұхамеджан Естеміров әрбір қажылыққа ниет етуші азаматтардың әуелі қажылық курсынан өту қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ, облыстық орталық мешіт жанынан 40 күн бойы қажылық курсы тегін жүргізілетіндігін хабардар етті. Курс аптасына бес күн, оны бұрын қажылықта болған, тәжірибесі мол діни білімді һәм білікті имамдар жүргізуде.

Айта кету керек, осы апта ішінде облысқа қарасты барлық қала, аудан орталық мешіттері жанында тегін қажылық курстары ұйымдастырылады.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат