Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Кеше ғана намаз бастаған Ахметтің амалы (ВИДЕО)

ҚМДБ Алматы өкілдігі 17.07.2017 2576 0 пікір

 

Кеше ғана намаз бастаған Ахмет атты бауырымыздың осындай амалға барары ешкімнің ойына кірмеген. Қандай амал? - дейсіз ғой...

Алматы орталық мешітінде Ержан ұстаздан иман шарттары, намаздың артықшылығы мен хайыр-садақаның қоғамнан бұрын өзіне тигізер пайдасын естіген Ахмет бүгінде елге үлгі болар амалдар жасауда.

Өзінің балық ұстауға құмарлығы бар екенін жасырмайтын Ахмет ұстаған балығының артылғанын бөлігін "Горький" саябағындағы суға апарып жүрген. Бүгінде Ахметтің ұстаған балығының пайдасын кедей-кепшіктер көре бастады.

 

Балық табыстау сәті

 

Амалын мақтан үшін емес, үлгі болса екен деп камераға жазатынын айтады.

Алла Тағала Құранда былай деген екен: «Хайыр садақаны жария түрде бергендерің қандай жақсы...» (Бақара-271)

Аяттан жария садақаның көпшілікті жақсылыққа бастап, өзгелердің садақа жасауына түрткі болатындығын байқаймыз. Сонда садақа беруші өзі жасаған амалдың сауыбын ғана емес, ол адамның амалынан үлгі алғандардың да сауабын алатыны анық.

Абдукарим Мырзаұлына бала-шағаларымен дұға тілеуде.

 

Ахмет ағамыз балаларының шамаларына сай жақсылық жасауды үйдетіп жатыр. Шынында күнәсіз пенденің дұғасы қабыл. Күнәсіз балаларының пайдасын да қоғам қамы үшін пайдалану қазіргі таңда нағыз үлгі болар іс шығар..?

Намаз оқып бастағалы 1 айдан асқан Ахмет өзі ғана емес, балаларының көңілдері қалаған сәтте оларды да намаз сабына алады екен. Видеода байқағаныңыздай Ахмет Электронды жайнамазбен намаз үйреніп жатыр. Онымен қоса қызы да амалға бет бұрған.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат