Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Түркістан төріндегі түркиялықтармен жылы жүздесу

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 25.07.2017 755 0 пікір

Өткен аптаның жұма күнінде Ескі шаһар Түркістанға табан тіреген ҚМДБ-ның әйелдер-қыздар секторының облыстағы өкілі Диляром Бектаева қаланың жаңа мешітінде болды.

Түркі архитектурасымен салынған сәулетті мешітте жұма намазына қатысып, әйелдер қауымымен кездесті. Мешіттің Гулсынай, Латифа есімді ұстаздарымен әйелдер-қыздар секторының жұмысына байланысты тәжірибе алмасып, сұхбаттасқан болатын. Соның ішінде, сектор жұмысы аясында бірқатар облыстағы өкілдіктерінде өз жұмысын бастаған арнайы әжелер, аналар мектептерінің жұмыс жоспарымен, атқарған іс-шараларымен танысты. Дәстүрлі құндылықтарды дәріптеуге жіті көңіл бөлетін аталмыш мектептердің ішінде әсіресе, әжелер ерекше үлес қосуда. Өткізілген әрбір іс-шара салт-дәстүр танымымен сабақтастырылуда: баланы бесікке бөлеуден бастап туыстық қарым-қатынастың әдебі қатар үйретіліп, қазақы ұлағат насихатталуда.

Сол күні мешітті зиярат етіп келген Түркиядан келген турист қыздар да сұхбатқа араласты. Стамбул қаласындағы Фатих атты оқу орнында білім алатын олардың есімдері – Рана, Зехра және Елиф. Түбі бір түркі қазақ жерін, елін, қасиетті Түркістан аймағын көзбен көруге қызығушылық танытып, арнайы зиярат етуге келген оларға облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Диляром Бектаева жолбасшы болды. Түрік тілін жетік білетін ұстазымыз меймандарды мешітпен, жамағатпен таныстырып, емін-еркін сұхбаттасты. Әжелердің ыстық ықыласын жеткізіп, естелікке суретке де түсті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат