Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өскеменде жат ағымдарға қарсы семинар өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 03.08.2017 500 0 пікір

  ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің кітапханасында жат ағымдарға қарсы күрес жайлы семинар болып өтті.

 Шараға аудан имамдары, «Алтай» қайырымдылық мекемесінің қызметкерлері, мешіт ұстаздары қатысты.

 «Жат ағымдардың алдын алу, онымен күресте имамдардың белсенділігін артыру, бүгінгі таңдағы келелі міндеттердің біріне айналып отыр. Біз әркез жат ағымдарға қарсы бағытталған шараларды басты бағыт ретінде жүргізіп келеміз. Жүйелі жұмыстар оң нәтиже беріп отыр» деп атап өтті, шараның ашылуында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.

 Семинарда дінтанушы Қайрат Құрманбаев имамдарға арнайы дәріс оқыды. Ол жат ағымдармен күрестің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар ислам тарихынан, кері ағымдардың пайда болу оқиғаларынан құнды ойлар сабақтады.

Жиында имамдарға кері ағымдармен күрес тәсілдері топтастырылған кітап таратылды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат