Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МЕШІТ ЖАМАҒАТТАРЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАРЫСТЫ

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі 07.08.2017 264 0 пікір

 ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйытқы болуымен өңірде волейболдан қалалық жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа қаладағы мешіт жамағаттары аса белсенділікпен қатысты.

Мұндай жарыстар мешіт жамағатының ауызбіршілігін, татулығын арттыруда, бос уақытын тиімді ұйымдастыруда өз нәтижесін беруде.

Аталмыш жарыс нәтижесі бойынша І орынды «Ыбрайым молда» мешіті алса, ІІ орынды Тасбөгет кентіндегі «Құддыс ишан» мешіті иеленді. Ал, ІІІ орынды қалалық «Сұлтан мешітінің» жамағатынан құралған команда алды.

Жеңімпаздарға арнайы кубок пен диплом және қаржылай сыяпат табысталды.

Ойын барысында белсенділік танытқан ойыншыларға марапаттау қағазы берілді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат