Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қажыларға арналған оқыту семинары өтуде

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 07.08.2017 267 0 пікір

 ҚМДБ биыл іске қосқан отандық «Тауаф Travel» қажылық компаниясы ағымдағы жылы алғаш рет 300-ге жуық қандасымызға қызмет көрсетуді жоспарлауда.

Осы орайда, діни басқарманың тапсырмасына сәйкес Ақтөбе өкілдігі арнайы «Қажылық анықтамасы» атты оқыту семинарын ұйымдастырды. Компания қызметіне жүгінген ақтөбелік қажыларға арналған аталмышсеминар Ақтөбе қалалық орталық мешітінде өтуде. Мұнда мешіттің наиб имамы Алтынбек Хусаинов қажылықтың қадір-қасиеті туралы түсіндіріп, қатысушыларға ұлы құлшылық барысында орындалатын діни рәсімдерге қатысты қажетті ақпараттар беруде.

Бүгінгі жұма күнгі оқыту семинарына мешіт имамдарымен қатар денсаулық сақтау саласының мамандары мен «Аңсар» ақпараттық талдау-орталығының директоры Жандәулет Сүлейменов қатысты. Кездесу барысында Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы мен қалалық орталық мешіттің бас имамы Амантай Садиев отандық компания ұсынатын қызметтерге тоқталып, қажылыққа бару, қайту уақыттарын зерделеді. Қажыларға осынау ұлы сапардың маңыздылығы түсіндірілді. Сондай-ақ, Ақтөбе әуежай санитар-карантин қадағалау бөлімінің бас маманы Нұргүл Байдуллина жеке бас гигиенасының сақталуына баса мән беру керектігін айтып, қосымша мағлұматтар берді.

Семинар жүргізуші имам қатысушыларға ихрам киюдің екі түрлі әдісін көрсетіп, қажылыққа ниет етудің маңыздылығына тоқталды. Қабыл болған қажылықтың сыйы Жәннат екендігін сүйіншілеп, оларға ақ жол, сәтті сапар тіледі. Оқыту семинары 7 тамызға дейін жалғасатын болады.

index

WhatsApp Image 2017 08 04 at 15.08.47

WhatsApp Image 2017 08 04 at 15.08.50

WhatsApp Image 2017 08 04 at 15.08.51

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат