Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Тараздық жастар Құран сайысында бақ сынады.

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі. hibatulla.kz 07.08.2017 844 0 пікір

Бүгін Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінде ерлер арасында қалалық «Құран жарысы» сайысы ұйымдастырылды. Сайыста Тараз қалалық мешіттердің атынан әртүрлі жас аралығындағы 64 үміткер бақ сынады. Аталған додаға мешіт қабырғасында тәлім алып жүрген қала мешіттерінің жамағаты қатысты.

Қала имамы Қанат Әділханұлы үміткерлерге жарыстың барысын түсіндірді. Ол өз сөзінде: «Сендердің жақсыларың – Құран үйреніп және оны өзгеге үйреткендерің», - деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадисіне сай игілердің қатарында болуымыз үшін, Алланың қасиетті кәламы Құран кәрімді қадір тұту үшін осы жарыс ұйымдастырылып отыр. Жарыс 4 бағытта өтеді. Сайыс «Құранды мәнерлеп оқу», 4 номинация, яғни «Құранның кез келген жерінен ашып оқу», «Құранды мәнерлеп оқу», «бір параны жатқа оқу» және «жарты параны жатқа оқу» бойынша өтеді» деп атап шықты.

Білімді сынға түскен жарыста ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілі, «Һибатула Тарази» мешітінің Бас имамы Данияр Жұмабаев, Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамы Қасымжан Бектаев және «Хамрақұл» мешітінің имамы Арипжан Ахметов қазылық етті.

Өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлы: «Құран оқудың қайырлы құлшылық екенін айта келе, қатысушы үміткер жастарға сәттілік тілеп, «Құранды оқумен қатар, жаттауға ықылас білдіріп жүрген өскелең ұрпақтың жыл санап көбейіп келе жатқаны бізді қуантады», – деді өз сөзінде.

Жарысқа қатысушының Құранды қатесіз жатқа айтуына, әріптерді дұрыс дыбыстауына, тәжуид қағидасына сай мәнерлеп әрі көркем оқуына баса назар аударылды.

28 үміткер бақ сынаған «жарты пара» сайысының қорытындысы бойынша ІІІ орынды Ақатай Жомарт, ІІ орынды Ескендір Нұрислам, ал І орынды Ерланұлы Ислам иеленді.

«Құранды мәнерлеп оқу» номинациясына 6 үміткер жарысқа түсіп, сайыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Акрамов Акмалжон, ІІ орынды Абдугапиров Исламбек, ал І орынды Хамза Шерефи жеңіп алды.

«Құранды бетінен оқу» бағытында 6 үміткер бақ сынап, жарыс қорытындысы бойынша ІІІ орынды Халметов Қайырғали, ІІ орынды Наурызов Исмаил, ал І орынды Ақылбек Салқынбек иеленді.

«Бір параны жатқа оқу» сайысының қорытындысы бойынша ІІІ орынды Хафизов Дилмурат, ІІ орынды Есілбаев Еркебұлан, І орынды Шадыбаев Санжар иеленді. Сайыс қорытындысы бойынша доданың «Кеңесхан қажы Ахаев» атындағы бас жүлдесін «Шакиржан ата» мешітінің шәкірті Қалақұл Абдулатиф қанжығасына байлады.

Сайыс соңында жүлдегерлерге қаржылай сыйақылар берілді.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат