Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

БАС МҮФТИ: «TAWAF»-ТЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ – ТАБЫС ТАБУ ЕМЕС (ФОТО)

ҚМДБ баспасөз қызметі www.muftyat.kz 09.08.2017 782 0 пікір

Алматыда өткен басқосуда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы осылай мәлімдеді.

Алқалы жиынға ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев, ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясының директоры Жәнділла Бекжігітов, сонымен қатар мүфтияттың шешімімен қызмет көрсетуге қабілетті деп танылған қажылық компанияларының басшылары қатысты.

«ҚМДБ жанынан ашылған «Тауаф» қажылық компаниясының негізгі мақсаты пайда табу емес. Діни басқарманың бұл қажылық компаниясын қажыларымыздың құлшылығының дұрыс орындалуына жоғары деңгейде қызмет көрсету үшін арнайы ашып отырмыз. Биыл, Алла қаласа, «Тауаф»-пен 300 отандасымыз қажылық парызын өтейтін болады. Келесі жылы бұл көрсеткішті арттыруды көздеп отырмыз», – деп атап өтті Бас мүфти.

Айта кетейік, биыл елімізден 2500 адам ұлық сапарға аттанады. Жерлестерімізге ҚМДБ-ның шешімімен қызмет көрсетуге қабілетті деп танылған отандық 16 қажылық компаниясы қызмет көрсетпек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат