Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ ҚАЖЫЛЫҚ МИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

www.muftyat.kz 09.08.2017 504 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен Қазақстан Қажылық Миссиясының негізгі құрамы бекітіліп, дін қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.

Қажылық Миссиясына ҚМДБ Қажылық бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев жетекшілік етеді.

Ал Уағыз-насихат тобын Шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлы бастап барады. Аталған топ қажылар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, уағыз-насихат айтып, тиісті сауалдарға жауап береді. Қажылықтың парыздары мен шарттарын, әдептері мен үкімдерін тәптіштеп түсіндіру – Уағыз-насихат тобының негізгі міндеті.

Дәстүрлі дініміз бен салтымызға қайшы көзқарасын таңғысы келетін кейбір жат ағым өкілдерінің Қазақстан азаматтарына уағыз айтпауын қадағалау мақсатымен Бас мүфти кеңесшісі Дәулет Әлиханов та Миссия құрамымен сапарға шығады.

Қазақстан Қажылық Миссиясының Мекке мен Мәдина қалаларындағы орталық штабында ашылатын стационарлық пункт тәулік бойы қажыларға медициналық көмек көрсететін болады. Стационарлық пункт жұмысын дәрігер-травматолог Руслан Ізбасаров үйлестірмек.

Ал Ақпараттық-насихат тобының жұмысын ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мен ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалық жүргізеді. Ақпараттық-насихат тобының міндеті – Қажылық Миссиясының жұмыстарын жариялау, отандық ақпарат құралдарына дер кезінде мәліметтер мен ресми ақпарат жеткізу, ұлық сапардағы ғибратты оқиғаларды басылым беттеріне шығару.

Миссияның жалпы үйлестіру-ұйымдастыру жұмыстарын ҚМДБ «Tawaf travel» компаниясының директоры Жәнділла Бекжігітов пен ҚМДБ Қажылық бөлімінің бас маманы Қанат Бекжанов жүзеге асырмақ.

Айта кетейік, қажылардың алғашқы легі тамыз айының 23-інде қасиетті сапарға тікелей рейспен аттанады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат