Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Дубайда кітап пішініндегі кітапхана салынып жатыр

muftyat.kz 09.08.2017 241 0 пікір

Дубай муниципалитетінің өкілдері қаланың жаңа көрікті жері - Mohammad Bin Rashid Library кітапханасы салынып жатқан Dubai Creek маңындағы 66 мың шаршы метр жер теліміне барып қайтқан.

Жоба құны миллиард дирхамға ($272 млн) бағалануда. Ғимараттың пішіні ашық кітап түрінде болмақ және онда жертөлесі бар басты ғимарат, астыңғы қабаты бар жеті қабат, сондай-ақ, кітаптарға арналған орталық қойма болмақ. 

Сондай-ақ, кітапханада кітаптарды, қолжазбалар мен құжаттарды сақтап әрі қайтадан қалпына келтіретін орталық, Әл-Мактум отбасы жинақтамасындағы сирек жасандылар мұражайы және мұра мен адамзат өркениетінің тарихына арналған мұражай жұмыс жасайтын болады. 

Жоба 10 мамандандырылған кітапханадан тұрады, оларда 1,5 млн басылып шығарылған кітаптар мен 2 млн сандық және миллион аудио-кітаптар сақталмақ.

Аталмыш кітапхананың ашылуы 2018 жылдың орта шеніне жоспарланып отыр.

Бұл кітапханаға жыл сайын 42 млн адам келеді деп күтілуде.

Президент шейх Халиф бин Зайед Әл-Нахайянның бастамасымен 2016 жыл Оқу жылы деп аталған болатын, ал аталмыш жоба Оқу жылының құрметіне арналып шейх Мұхаммедпен жарияланған еді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат