Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

National Geographic -40°C-да салынған Астана құрылысы жөнінде фильм көрсетеді

muftyat.kz 09.08.2017 180 0 пікір

National Geographic телеарнасы айналдырған бір 20 жылда жалпақ түзде қазіргі Қазақстанның астанасы қалай салынғандығы туралы деректі фильм көрсетеді.  

«Казинформ» ХАА-ның хабарлауынша, бұл фильмде ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналып салынған «Нұр Әлем» сферасына ерекше көңіл бөлінбек, өйткені ол осындай көлемдегі сфера түрінде әйнекпен көмкеріліп салынған әлемдегі жалғыз нысан.

Бұдан бөлек, авторлар қиын логистикалық, инфрақұрылымдық және ауа-райының жағдайларына, әсіресе, 40 градус аяздарға, қарамастан салынған жаңа вокзал мен әуежай жөнінде айтып бермек.

Жер бетіндегі әсерлі ғимараттар туралы «Мегақұрылыс» (Megastructures) бағдарламасы аясында «Астана – болашақ қаласы» атты 45-минуттық фильмнің алдын-ала көрсетілімі Қазақстанның астанасында болып өтті.

Бұл деректі фильмнің әлемдік тұсаукесері әлемнің 40 елінен астамында 22 тілде 10 тамызға жоспарланып отыр.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат