Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Арқалықтағы жазғы сауат ашу курсы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынш өкілдігінің баспасөз қызметі 10.08.2017 364 0 пікір

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіті мектеп оқушыларына арналған айлық жазғы сауат ашу курсын аяқтап, оны ойдағыдай қорытындылады.

        Мұнда оқу барысында 12 шәкіртке тәлім-тәрбие  беріліп, Құраннан дәріс үйретілді. Сондай-ақ «Ата-ананы құрметтеу», «Өтірік айтпау», «Жаман сөз сөйлемеу», секілді маңызды  тақырыптарда имандылық бойынша уағыз-әңгімелер айтылды.

       Дәрістерге қатысушыларға ұстаз Арлан Бауыржанұлы мен Абу Ханифа медресесінің шәкірті Балғабай Оразханұлы терең білім беруге тырысты.

       Балалар сауат ашу курстарында тек білім алып қана қоймай, футбол, асық ойыны сияқты бой сергітер ұлттық ойындарға көңіл бөлді. Осындай дарыстар жиі ұйымдастырылып тұрды. 

       Ілім жолындағы алғашқы ізденістерін бастаған талабаларға мешіттің өмір көрген  қажылары яғни  ақсақалдар қауымы батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат