Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жоғары білімді мұсылман қыз-келіншектерді Үкімет аянбай марапаттайды

muftyat.kz 10.08.2017 271 0 пікір

Үндістан Үкіметі әлеуметтік бағдарламаны іске қосатынын жариялаған, бұл бағдарлама аясында тұрмыс құрмай тұрып жоғары оқу орнын бітірген әрбір мұсылман қыз-келіншек үйлену тойына 51 мың рупия (800$) көлемінде сыйлық алатын болады.

ABP Live  телеканалының хабарлауынша, «Шади шагун» атты бағдарлама аясында жоғары оқу орындарының дипломдары бар мұсылман қыз-келіншектердің үйлену тойына ақшалай сыйлық берілетін аталмыш әлеуметтік бағдарлама Маулан Азад Білім беру қауымдастығымен дайындалуда.

Маулан Азад Білім беру қауымдастығы Үндістанда мұсылман қауымдастығының артта қалған әрі тұрмысы төмен жіктерінің білім деңгейін көтерумен айналысады және Азшылық істері жөніндегі министрлікпен толықтай қаржыландырылады.

Үкімет тек жоғары оқу орындарында оқитын мұсылман қыз-келіншектерді ғана марапаттап қоймай, сонымен қатар, 9-10 сыныптарда оқитын үнді оқушы-қыздарына да 10 000 рупиядан (150$)  төленетін болады, себебі Үндістанда жиі кездесетін жағдай - қыздар әлдебір себептермен не болмаса отбасы жағдайларына байланысты бұл сыныптарға жете бермейді).

Қоғамдастықтың қазынашысы Шакир Хуссейн Ансари Үндістандағы мұсылман қыз-келіншектер әлі күнге дейін білім алу жағынан артта қалып келеді, сондықтан бұл жағдайды өзгерту қажет деп атап өткен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат