Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Жаңадан мұсылман болған фотограф Исламды боямасыз көрсетуде. (ФОТО)

muftyat.kz 10.08.2017 570 0 пікір

Бруклиннің неофит-мұсылманы Карлос Халил Гузман жергілікті мұсылмандардың өмірін суретке түсіру үшін, екі жыл бойы АҚШ қалаларын аралап жүр.

Фотограф өз жұмысын Нью-Йорк қаласында «Америка мұсылмандары» деген суреттер топтамасымен бастап, кейін басқа қалаларда жалғастырған. Өзі түсірген суреттерін ол Құран аяттарымен толықтырып отырады.

Халилдың мақсаты – америкалықтарға мұсылман мәдениетімен жақын танысуға әрі олардың исламофобиялық жалған нанымынан құтылуға көмектесу.

Гузман католик отбасында туып-өскен, ал Исламды колледж қабырғасында жүріп қабылдаған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат