Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Ата-ананың ақысы» тақырыбында кездесу өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Ата-ананың хақысы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге облыстық әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Марал, Байқоңыр қалалық Жәрімбет ата мешітінің ұстазы Сыдықова Ләззат қатысты.

Кездесуде ұстаздар қатысушыларға тақырып аясында насихат жүргізіп, әйелдер-қыздар секторының жұмысына да тоқталды.

Байқоңыр қалалық әжелер мектебінде өткен тағылымды кездесуге қатысқан «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы, сектор жетекшісі Файзуллина Марал «Отбасы құндылығы» тақырыбында уағыз жүргізіп, жас аналарға Ислами тұрғыда насихатын жеткізді.

Қатысушылар алғыстарын айтып, сұрақтарына жауап алды.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат