Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Құрбан айт намазы оқылды

 Нұрлан САМАТҰЛЫ 04.09.2017 160 0 пікір

Әлем мұсылмандары бүгін Құрбан айт мейрамының алғашқы күнін тойлап жатыр. Ақжайық жамағаты айттың алғашқы күні "Орал" орталық мешітіне жиналып, айт намазына қатысты.

Айт намазы Оралда таңғы сағат жеті жарымда оқылды. Құлшылық етуге келген халықтың көптігі соншалық, қаладағы ең үлкен мешітте ине шаншар орын қалмады. Айт намазын есік алдында ашық аспан астында оқығандар қаншама. Ақжайық жұртын  құрбан айт мерекесімен  ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Тыныштықұлы  құттықтады.

Айт намазы оқылып болған соң, ниет білдірген қауым мешіт артында мал соятын арнайы орында құрбандық шалды. Құрбандыққа сойылатын мал кемшіліктерден ада, толыққанды түлік болуы тиіс. Малды басқа малдың көзінше бауыздауға болмайтындықтан қойлардың көздеріне ақ мата таңылды.

Облыстың бас имамы Руслан Сұлтановтың айтуынша, арапа күні мешіт алдында ұлттық ойындар ойналды. Жігіттер арқан тартысып, қол күресінен сынға түсті. Боз кілемде белдесті. Білектілер гір көтерді. Жүлде қоры – қомақты болғандығын жеткізді.

Елімізде имандылыққа бет бұрған жылдардан бері ата дініміздегі дəстүрлер белең алып, өзіміздің салт-дəстүрлеріміз қайта жаңғыра бастады. Біз де барша Ақжайық жұртын  Құрбан айт мерекесімен құттықтаймыз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат