Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Қызылжар тұрғындары Құрбан айтты атап өтті.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі 05.09.2017 158 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен ұлық мереке Құрбан айт өңірде жоғары деңгейде аталып өтілді. «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы  Кенжетай қажы Байкемелұлы Құрбан айтқа жиналған жамағатты құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Бұл айтулы мерекеге өңір басшысы Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  арнайы келіп, Қызылжар жұртшылығын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Облыс әкімі өз сөзінде: «Мұсылмандардың бұл мерекесі исламның ескірмейтін рухани құндылықтарының тереңдігін көрсетеді. Құрбан айт ізгілік, адалдық пен мейірімділік идеяларының орнығуына жол ашады…» деп, барлық мұсылман жамағатына зор денсаулық, бақыт және тыныштық, отбасылық игілік тіледі.

Айттың бірінші күні қалалық «Нұр» мешітінде спорттық ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда гір көтеру, тоғызқұмалақ, қол күрес т.б Жеңімпаздарға аталмыш мешіт атынан сыйлықтар берілді.

Сондай-ақ  жағдайы төмен отбасылар мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы қайырымдылық дастарқан жайылып, «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына байланысты 36 балаға мектепке қажетті заттар мен киім-кешектер табыс етілді.

Екінші  күні Провославие және Рим-католик шіркеуінің басшылары облыстық орталық мешітке келіп, Құрбан айтпен құттықтады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат