Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

"Нұр-Мүбарак" футбол командасы жаңа жеңіс тұғырында

"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі 06.09.2017 396 0 пікір

Бұл жеңіс - "Нұр-Мүбарак" университетінде жалынды жастардың легі тәрбиеленіп жатқанының дәлелі!

"Астана ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында және Құрбан айт мерекесі құрметіне Алматы облысы Боралдай кентінде "Туған жер" бағдарламасына сай мешіт жамағаты арасында футбол жарысы ұйымдастырылды.

10-нан аса мешіттен келген жамағаттың спортқа деген ептілігі сынға түскен сайыста "Нұр-Мүбарак" университеті студенттерінің футбол құрамасы жеңіс тұғырына көтерілді. Бұл жолы алдыңғы буын ағаларына есе жіберген нұр-мүбарактықтар үшінші орынды місе тұтты. Есесіне ең үздік ойыншы марапатын Айнадин Адайбек иеленді.

Жеңімпаздарды Боралдай кентінің әкімі М.Салимбаев арнайы мадақтама қағазымен марапаттап, сыйлықтар табыс етті.

— Әр жарыс, бәйгелерде осындай жеңіс тұғырына көтерілу біздерге жұмыс бағытымыздың дұрыстығына сенім береді, болашаққа жол салып, жастардың жігерлі де салауатты болып дамуына жаңа, ізденістерге жол ашады, - деді университеттің аға оқытушысы, спорт шебері Айдар Иманбаев қуанышымен бөлісіп.

Енді жаңа оқу жылы басталды, еліміздің түкпір-түкпірінен жалынды жастардың жаңа легі арасынан осы жеңімпаз студенттерге сенімді ізбасарлар іріктеледі деген үміттеміз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат