Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Уақып» қорының президенті Ақтөбе облысында болды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі           11.09.2017 327 0 пікір

Өткен аптада Ақтөбеге арнайы жұмыс сапарымен келген «Уақып» қорының президенті Қайрат Айтбай Ақтөбе өкілдігіне бас сұқты.

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Жолдас Қалмағанбетов және облыстың өкіл имамы Төлеби Оспанмен жүздесіп, өңірде діни ахуалды тұрақтандыру бағытында жасалып жатқан жұмыстармен танысты. Сұхбат барысында жергілікті діни қызметкерлердің әлеуметтік әлеуетін арттыру, қаржыландыру, діни кадр дайындау, мешіт имамдардың біліктілігін арттырып, білімін жетілдіру сынды бірқатар мәселелер талқыланды.

Сонымен қатар, қор өкілі "Ақтөбе медресе-колледжінде" болып, діни білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысты. Жылдан-жылға оқуға ниет білдіруші талапкерлердің қатары толысып келе жатқан медресенің діни кадр дайындау, жергілікті өңірді тұрақты мамандармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарына оң баға берді. Сондай-ақ, мейман облыстық дін істері басқармасы жанынан құрылған «Аңсар» ақпараттық талдау орталығында да болып қайтты.

Сапарының соңында қор басшысы Қайрат Айтбай қалалық орталық мешітке  Huyndai маркалы автокөлікті сыйға тартты.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы тапсырмасының аясында құрылған «Уақып» қорының жұмысы қайырымдылық қоры ретінде әлеуметтік жобалар мен діни бірлестіктерді қаржыландыруға, соның ішінде діни мамандардың әлеуетін жақсарту, діни кадр дайындау, оларды қайта даярлауға бағытталған болатын.

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09 2

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09 3

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09 4

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09 5

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09 6

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09 7

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09 1

 

WhatsApp Image 2017 09 11 at 12.18.09

 

WhatsApp Image 2017 09 10 at 18.39.33 1

 

 

 

21368930 809082292602596 2902445175426248414 o

 

21369024 809082362602589 6240335037528272353 o

 

21369055 809082285935930 8552884889945913410 o

 

WhatsApp Image 2017 09 10 at 18.39.35 1

 

WhatsApp Image 2017 09 10 at 18.39.35

 

WhatsApp Image 2017 09 10 at 18.40.14

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат