Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

 Қарағанды облысы әкімдігі «Нұр-Мүбарак» студенттеріне стипендия бөлу мәселесін қарастырмақ.

Жаңа оқу жылының алғашқы аптасында-ақ Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдері «Нұр-Мүбарак» университеті студенттерімен арнайы жүздесті. Басты мақсат – аймақтан келіп білім алушыларға қолдау көрсетіп, болашақ түлектерді өңірге жұмысқа тарту.

- «Қазір облысқа қажетті 12 теолог маманның орны бос тұр. Дайын маман болса, бүгін қабылдауға әзірміз. Биыл ғана осы «Нұр-Мүбаракты» тәмамдаған түлектер бізде белсене еңбек етуде. Бірі әкімшілік саласында, енді бірі имам болып... Сондықтан болашақта сіздердің араларыңызда да өңірге барып қызмет ететін мамандар болады деген үмітитеміз,» -деді Қарағанды облысының Дін істері басқармасы жанындағы діни орталық директоры Төлеу Мұхтар мырза.

Ал Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Мирас Құттыбай мырза облыс әкімі тарапынан білім алушы жастарға қаржылай көмек, стипендия бөлу мәселесі де қарастырылатынын жеткізді. Оған әрине, бұл салада көші ілгері Қызылорда облысының тәжірибесіне сараптау жасалатынын айтты. Студенттердің оқу ақысы, жатақхана, шәкіртақы секілді қосымша қолдаулардың барлығы шәкірттердің білікті маман болуы үшін жасалатын жағдайлар. Сондықтан қарағандылық қамқоршы шенеуліктер білікті ұстаздардан барынша тағылымды біліммен қоса тәрбие алудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, көптілділіктің де маңыздылығы қозғалды. Уақыт талабынан туындаған бұл мәселе маманның артықшылығын да аңғартпақ. Студенттер де өз ұсыныстары мен пікірлерін ірікпей ортаға салды.   

Қазір «Нұр-Мүбарак» университетінде Қарағанды облысынан 60 шәкірт білім алуда, оның 21-і ақылы бөлімде. Сондықтан бұл шәкірттер мемлекеттік білім грант иелеріне қарағанда қолдауға аса зәру екендігі айтпаса да түсінікті.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат