Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Құрбан айтта жаңа мешіт ашылды

Мұсылмандар қауымы Қостанай облысының жаңа мешітіне жиналды. Олардың арасында ақсақалды қарттарымыз, ақ жаулықты аналарымыз бен жарқын болашағымыз жастар да көп болды.

img01

Жылда қалыптасқан дәстүр бойынша мұсылмандар қауымы Қостанай облыстық жаңа мешітіне ерте жиналды. Олардың арасында ақсақалды қарттарымыз, ақ жаулықты аналарымыз бен жарқын болашағымыз жастар да көп болды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өңірдегі өкілі, облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет айтулы мереке Құрбан айттың мәні мен маңызына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар әруақтарға Құран сауабын бағыштады.

img01

Құрбан айт намазынан кейін жамағат Федоров көшесінің бойында орналасқан «Қостанай мал базары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің арнайы бөлінген орнына судай ағылып, құрбандық шалды.

img01

Сонымен қатар осы күні облыстың Лисаков қаласында салтанатты түрде жаңа мешіт ашылды. Оған облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы арнайы қатысып Мүфти хазреттің, жергілікті мұсылман бауырларымыз бен қонақтарға шынайы лебізін және мешіт нағыз имандылық ордасына айналсын деген игі тілегін жеткізді.

img01

Міне, осылайша Құрбан айт барша жұртшылықтың есінде қалды. Әрине, жылдағыдай күнкөрісі төмен отбасылары мен қамқорлыққа мұқтаж жетім-жесірге де айрықша назар аударылып, құрбандық малынан ет таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат