Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Оқуда озат болар шәкірттер

Қанат  Жакенов, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің найб имамы 12.09.2017 409 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйырығы бойынша «Еліміздегі әр өкілдіктердің, жасөспірім жеткіншектердің жазғы демалысын тиімді пайдалану үшін, сауат ашу курстары мен лагерь ұйымдастырылсын» деп бұйырылған болатын.

Осы тапсырмаға сәйкес, ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі Руслан Тыныштықұлының нұсқауымен, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы мешітінің Бас имамы Мейрамбек Ақылбекұлының ұйымдастыруымен балалардың жаздық демалысын ойдағыдай көңілді өткізілуін қадағалап, рухани сауаттылығын арттыратын курс 2 ай бойы жұмыс атқарды. Оларға Астана медресесінің 2 курс студенті Азамат Ақылбекұлы дәріс берді. Бағдарлама бойынша Құран әліппесі (ойынмен жүргізу), иман негіздері, Ғибадат – құлшылық, т.б пәндер оқытылды.

Шәкірттердің жас шамасы 5 – 15 жас аралығында. «Барлығы 20–дан астам ұл, қыз балалар 2 топқа бөлініп үзбей оқыды. Олардың арасында рухани және психологиялық тұрғыда өздерін дайындап, ұстаздарынан ақыл-кеңес алу арқылы қасиетті Рамазан айында толық ораза ұстауға ниеттенген шәкірттер де баршылық.

Екі ай көзді ашып-жұмғанша жылдам өте шықты. Жазғы сауат ашу курсы өз мәресіне жеттіп, жабылу салтанатына орай, Бөрлі аудандық мешіті мен Бөрлі ауданыны жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы және Парасат қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  Құрбан айт мерекесіне арналған шәкірттер арасында құран жарысы ұйымдастырылды. Асыр салып ойнаған балалар, Рамазан айынан кейін ашылатын жазғы сауат ашу курсына қатысқылары келетіндігін айтты. Соңында шәкірттерге алғыс хаттармен қоса шағын сый-сияпаттар жасалды. Шат-шадыман болған балалардың ата-аналары аудандық  мешітке ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

    

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат