Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

МАҢҒЫСТАУ: Ескі киімдер кәдеге жарады

ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы өкілдігінің қолдауымен қолға алынған жоба жүйелі түрде өз жұмысын атқарып келеді.

Мұнайлы аудандық, Атамекен ауылдық мешіті және «Миғраж» мешіттерінің ауласына арнайы орындар әзірленіп, кәдеге жарайтын ерлер, әйелдер және балалар киімдері тапсырылуда. Осы күнге дейін 1000-ға жуық отбасыға қайрымдылық жасалып, киім кешектер үлестірілді. Мешіттен көмек алатын жандар дән риза болып өз алғыстарын білдіруде.

Құран Кәрімде Алла Тағала:  «(Ей, Мұхаммед!) ...Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)»,-дейді. 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат