Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Алматыда әйелдер жамағатына семинар басталды

Алматы қалалық орталық мешітінде әйелдер жамағаты арасында жат ағымның алдын алу мақсатында семинар өтті. 21 мешітте 32 семинар өткізу жоспарлаған. 12 қыркүйек күні бастау алған семинар, қараша айында аяқталады. Кездесудің басты мақсаты - әйел адамдарға қатысты өзекті мәселелерді талқылау, жамағаттардың көкейінде жүрген сауалдарына теолог мамандар мен заңгердің көмегі арқылы жауап берумен қатар жат ағымның жетегінде кетудің алдын алу.

Шарада қаланың бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы сөз бастап, Ислам мәдениетінің қалыптасуында әйел адамның рөлі зор екендігін тілге тиек ете отырып, « Әйелдер қыздар» секторының жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар Алматы қаласы бойынша ұйымдастырылатын түрлі іс-шараларға қатысуға үндеді. Сөз соңында жамағаттың өтініштерін тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап берді. 

Семинарда «Нұр-Мүбарак» университетінің докторанты Оралхан Сейдманов «Мұсылмандық тәрбие», «Жат ағымдық сипаттар» жайлы дәріс оқыды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат