Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Ақмешіт» мешітіне жаңадан бас имам тағайындалды

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі 25.09.2017 796 0 пікір

 

Өткен жұма күні облыс өкіл имамы Нариман Исенов жұма намазында  Павлдар қалалық «Ақмешіт» мешітінің жамағатына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен осы мешітке  бас имам болып тағайындалған  Қайырбеков Нұрлан Евфратұлын таныстырды. 

 Кайрбеков Нұрлан Евфратұлы, 1976 жылы Павлодар облысы, Лебяже ауданында дүниеге келген. 1982-1993 жж. орта мектеп, 1993-1996 жж. Екібастұз қаласындағы «Темір жол» колледжінде білім алған.

2000-2004 жж. «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетін  тәмамдап, 2005-2007 жж. ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясында "Халықаралық қатынастар" мамандығы "Ұлтаралық қатынастар" біліктілігі бойынша оқып, магистрлық дәрежеге ие болған.

2007-2013 жж.  Павлодар қаласындағы "Мәшһүр Жүсіп" облыстық мешітінің наиб имамы қызметін атқарған.

2013-2017 жж. «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде «Дінтану» мамандығы бойынша PhD докторлығын бітірді.

2017 жылдан бастап Павлодар қаласындағы "Мәшһүр Жүсіп" облыстық мешітінің наиб имамы қызметімен бірге С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, «Философия және мәдениеттану»  факультетінің аға оқутышы болып жұмыс істеп келеді.

Отбасылымын, 4 баланың әкесі.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат