Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

«Менің мешітіме кел!» атты жалпыұлттық акция

www.muftyat.kz 05.10.2017 315 0 пікір

15 қазан жексенбі күні Канадада ерекше акция өткізу жоспарланып отыр -  мұсылман мәдениеті және дінімен танысқысы келетін барлық тілек білдірушілерге елдегі мешіт есіктері ашық болмақ.

«Канададағы менің мешітіме кел» атты жалпыұлттық бастама «Канадалық мұсылман дауысы» қоғамдық ұйымымен ұйғарылған.

Канада бойынша орналасқан барлық ислам ғибадатханалары кез-келген дін өкілдері  мен  дін ұстанбайтын қонақтар мен көршілерін қабылдауға дайын.  Жер бетіндегі Алла үйлеріне келген қонақтарда мешіт ішінің әрі мұсылмандардың діни жоралғыларының қандай екенін танып-білулеріне мүмкіндік туады.

Muslim Link дәйексөзіне қарағанда, «Менің мешітіме кел!» бастамасы мұсылман және мұсылман еместердің  қарым-қатынасын жақсарту арқылы канада қоғамын нығайту.

Шараға қатысуға ниет білдіргендер электронды түрде жазылып, өз  байланыс деректерін және қай мешітке барғысы келсе соның мекен-жайын көрсетуі тиіс.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат