Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Сансызбай ұстаз Ақжайық өңірінде

Арнайы шақыртумен Ақжайық өңіріне келген ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімі басшысының орынбасары, ҚМДБ ғұламалар кеңесінің және республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов Орал  облыстық орталық мешітінде жұма намазына қатысып, «Тақуалық туралы түсінік» тақырыбында жұма уағызын айтты.

Сол күні Сансызбай ұстаз бен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султанов «Қазақстан-Орал» телеарнасының «Ғибрат» бағдарламасында қонақта болды. «Дәстүрлі дін құндылықтары» тақырыбында өрбіген сұхбат алдағы аптада эфирден көрсетіледі.

Ақшам намазынан кейін Сансызбай Құрбанұлы Орал  облыстық орталық мешітінде жамағатпен екінші рет кездесіп, «Дәстүрлі ислам құндылықтары және мұсылманның бет-бейнесі» туралы уағыз айтты. Бұл кеште де білікті исламтанушының уағызын тыңдауға келгендер көп болды. Уағыз соңында жамағат сұрақтар қойып, ұстаз жан-жақты, тұщымды жауап берді. Осылайша уағыз тыңдауға келген жамағат рухани азық алып, діни білімдерін арттырды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат