Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Неліктен бұл елде ешкілер талдың басында жайылып жүреді?

www.muftyat.kz 10.10.2017 245 0 пікір

 Әлемде ешкілер жерде жайылмай, талдың басында жайылып жүретін жер бар. Бұл әлемдегі жалғыз ел – Марокко. Неліктен дейсіз ғой? Себебі, елдегі ыстық климат пен жердегі шөптің жетіспеушілігінен.  

Сондықтан да ашыққан жануарларға талдың басына шығып «жайылуға» тура келеді. Ешкілер ағаштардың талдары мен оның жемістерін қорек етеді.

Ең қызығы – бұлар ешкілердің әлдебір ерекше түрі де емес. Барлық ешкілерде туа біткен тепе-теңдік сақтау қабілеті бар, сондықтан да Мароккоға басқа елдерден әкелінген ешкілер өздеріне қажетті қорегін осылай тауып жеуге тез арада бейімделіп отырған. Тұрғылықты халық бұл ешкілерді ұшатын ешкілер деп атайды екен.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат