Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мешіт жамағаты бірінші орын иеленді

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті, жалпы қалалық, аудандық мешіттер жергілікті билікпен тығыз-қарым-қатынас орнатып, мешіт жамағаттары мәдени-көпшілік, спорттық шараларға белсене қатысып келеді.

Осындай шаралардың бірі ретінде Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен велоспорттан өткен жарысты айтуға болады.

Сайысқа жергілікті  мекеме қызметкерлері мен әуесқойлар  қатысты. Осы додада өз белсенділігін көрсетіп жүрген "Ақмешіт-Сырдария" мешітінің жамағаты Жақсылық Пазыл І орынды иеленді.

Бауырымызды жеңісімен құттықтаймыз.     

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат