Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

100 отбасына азық-түлік пакеті үлестірілді

Қазан қамқорлық айына орай, «Иманғали» орталық мешіті әлеуметтік жағынан аз қамтылған жүз отбасына азық-түлік пакеттерін таратты.

Мүгедек жандар, көп балалы, жетім, жартылай жетім және аз қамтылған отбасы категориялары толықтай қамтылған акция кезінде бір отбасына жалпы салмағы 25 келі болатын азық-түлік үлестірілді. Әр пакет күріш, астық, күнбағыс майы сынды әлеуметтік маңызы бар тағамдармен толықтырылған. Қайырымдылық акциясы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен жүзеге асырылуда.

Айта кетелік, қайырымдылық ислам дініндегі басты құндылықтардың бірі. Қасиетті Құран Кәрімде «Шамаларың келгенше Алладан именіңдер. Оның айтқанына (әміріне) бойұсыныңдар, (Алла жолында) мал-мүліктеріңді жұмсаңдар. Бұл өздерің үшін қайырлы. Кімде-кім нәпсі сараңдығынан сақтанса, ол мақсатына жетуші. Егер Аллаға жақсылап қарыз берсеңдер (садақа берсеңдер), Алла оның сауабын еселеп қайтарады. Сендерді жарылқайды. Алла береген (аз жақсылыққа, көп сауап беруші) кеңпейіл, жазалауға асықпайды. Ол құпияны да, әшкерені де білуші. Ол аса үстем хикмет иесі» («Тағабұн» сүресі, 16-18-аяттар)  деген жолдар бар.

Ендеше, жүректерге жылулық сыйлайтын қайырымдылыққа асық болғанымыз абзал.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат