Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Батыс Қазақстан облысында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» семинары болып өтті

12.10.2017 266 0 пікір

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы ассамблеясы ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен және Ғұламалар кеңесінің бекітуімен жарық көрген жерлеу рәсімін барлық жерде бірізділікке түсіру мақсатында жазылған «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабының тұсаукесері және түсіндіру бойынша облыстық деңгейде қала, аудан, ауыл имамдары мен молдалары және БАҚ өкілдері арасында семинар өтті.

Шараға РАНТ мүшесі Шариғат және пәтуа бөлімі басшысының орынбасары Сансызбай Шоқанов пен ҚМДБ-ның БҚО бойынша  өкіл имамы Сұлтанов Руслан Тыныштықұлы қатысты. Сөз басын ҚМДБ-ның БҚО бойынша  өкіл имамы Сұлтанов Руслан Тыныштықұлы ашып, артынша БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары, БҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Капаков Ғайса Хамидоллаұлы осы семинардың өтілуіне өз қолдауын білдірді. Семинар барысында «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы талқыланып түсіндірілді.

Семинар барысында «Жерлеу рәсімдері және қабір мәселелері», «Жан тәсілім еткеннен кейінгі шаралар», «Мәйітті жуындыру мен кебіндеу» сынды мәселелерді Сансызбай ұстаз толық қанды ашып түсіндіріп берді. Артынша имамдар сұрақтар қойып, тұщымды жауаптарын алды.

Семинарға қатысушыларға «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабы сыйға тартылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат