Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Күллі әлем ғылыми қауымдастығын қызықтыратын сұраққа жас мұсылман жауап берді

www.muftyat.kz 12.10.2017 506 0 пікір

Пәкістандық он жеті жасар мұсылман Мұхаммед Шахир Ниази «электрлі шикізаттың» қалыптасу механизмі туралы электродинамика мәселесін шешіп берді. Ғылымии феномен бұрыннан мәлім болатын, бірақ көп жылдар бойы ғалымдар оның түсіндірмесін бере алмай келген болатын.

2016 жылы ол халықаралық жас физиктер турниріне барып қайтты. Сонда май және электродпен тәжірибе жүргізген кезде оның басына майдың бетінен жылу шығаратынын камераға түсіру арқылы, иондануына қарай жүйе энергиясының өзгеруін анықтауға болатын керемет идея келеді. Содан кейін жас физик ұяшықтық құрылымын жылу шығаратын камераға түсіріп алып, сұйықтықта зарядтың таралуы жүйенің ішкі энергиясын қалай көтеретінін көрсеткен.

Осылайша, иондармен қанықтырылған зарядтар болмағанда көпжақты құрылымның пайда болмайтынын мұсылман дәлелдеді. Ендеше сұйықтық бетінде иондардың жүзуі «электрлі шикізаттың» қалыптасуын түсіндіреді.

Ниази жұмысының нәтижесі беделді ғылыми журналда жарияланды. Мектеп оқушысы зерттеулерін жалғастыра беруге ниетті, сондай-ақ, Нобель сыйлығын алуды да армандайды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат