Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Дубай полициясы ұшатын мотоциклдерді сынақтан өткізді

www.muftyat.kz 12.10.2017 487 0 пікір

Ресей дрон өндірушісі Hoversurf шығарған жаңа ұшатын мотоцикл немесе «ховербайк» осы аптаның басында өткен Gitex технологиялық көрмесінде  Дубай полициясымен көрсетілген болатын. Өз кезегінде, полиция мұны қылмыспен күресте қолдану үшін жабдықтамақ екен. 

Жаңа транспорт құралының жай-жапсары белгілі болып, шынайы жағдайда өткізілген бірінші сынақтың бейнесі пайда болды.

Төтенше жағдайлар орын алғанда не болмаса қарқынды жол қозғалысы кезінде мотоцикл жерден бес метр биіктікке көтеріліп, полиция қызметкерін немесе салмағы 300 кг болатын жүкті көтеріп ұша алады.

Ховербайк ұшқышты алып 25 минутта сағатына 70 км жылдамдықпен қозғала алады.

Бұдан бөлек, мотоцикл ұшқышсыз да ұша алады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат