Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Өкіл имам Руслан Сұлтанов оралдық студенттермен кездесті

"Нұр-Мүбарак" университетінің баспасөз қызметі 02.11.2017 638 0 пікір

"Нұр-Мүбарак" университетінің  өзге жоғары оқу орындарынан өзгешелігі мен артықшылығы баршылық. Соның бірі – аймақтардағы әкімдіктер мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдіктері жылына кемі екі рет өңірлік  шәкірттермен кездесіп, хал-ахуалын сұрап, ақыл-кеңестерімен қоса қаржылай қолдау да жасау қалыптасқан. Бұл да болса еліміздің баянды болашағына деген зор сенімді арттырары сөзсіз. Сондай келелі кездесулердің бірі ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Руслан Сұлтанов өңірлік жастармен жүздесіп, пікірлесуі.

  • Сіздердің қазіргі басты міндеттеріңіз – білім алу. Оқуға көңіл бөліңіздер. "Нұр-Мүбарак" университетінде өте білімді де білікті ғалымдар шоғырланған. Осы мүмкіндіктің әр сәтін тиімді пайдаланыңыздар. Қазір сіздерді ел күтіп отыр. Алла қаласа, алдағы жылдары ең көп түлектер легі батыс аймақтағы рухани шөліркеген жамағатқа шынайы білімнің өнегесін көрсетеді деген үміттеміз, - деп шәкірттерге зор сенімін білдірді.

Сондай-ақ өкіл имам Руслан Тыныштықұлы барлық жерлес жастарға университетті аяқтаған соң елге келіп, әсіресе ауыл-аймақтарға барып қызмет етуге кеңес берді. Себебі ауыл сауаптың көзі ғана емес, өмірлік тәжірибе жинақтау мүмкіндігі. Сондықтан қаланы көксеп, күйкі тіршілікке жұтылып кетпей, әрі сауап, әрі ел өркендеунің қайнар көзі ауыл-аймаққа қызметке келудің артықшылығына барынша тоқталды. Студенттер де ағалық жанашырлық ақылды аяқсыз қалдырмауға уәде берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат