Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

НАИБ МҮФТИ БЕЛСЕНДІ БЛОГЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

www.muftyat.kz     09.11.2017 398 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз белгілі блогер-журналистер – Асхат Еркімбай, Тимур Бектұр, Ербол Азанбекті қабылдады.

Бейресми кездесуде блогерлер наиб мүфтимен бүгінгі уағыз-насихаттың сапасы, мүфтияттың қоғаммен байланыс жұмыстары, діни салада рухани тұлғаларды қалыптастыру, имамдардың белсенді қызметі, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Басқосу барысында Серікбай қажы Сатыбалдыұлы блогерлерге жуырда ғана баспадан шыққан «Әзірет Сұлтан» – ұлы дала темірқазығы» атты тарихи энциклопедиялық кітапты таныстырды. Журналистер қазақ топырағынан шыққан ғұламалар туралы жан-жақты мәліметпен қанықты.

«Ақпараттың белортасында жүрген сіздер жақсы білесіздер ғой, қазір біз жылт еткен жаңалықтың дәуірінде өмір сүріп отырмыз. Әсіресе, жағымсыз жаңалықтар лек-легімен тұтынушыларға лезде таралуда. Осы сәтте бұқараны ізгілікке бастайтын діни һәм дәстүрлі құндылықтардың насихатталуы маңызды мәселе. Біз сіздермен бірлесе қоғамға қайырымдылықты көбірек уағыздауымыз қажет. Бұл тұрғыда баршамызға артылар міндет пен жауапкершілік зор», – деп атап өтті «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы С.Сатыбалдыұлы.

Кездесу соңында блогерлер наиб мүфтиден көкейде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат