Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ҚМДБ: ӨЗБЕКСТАНМЕН ОРТАҚ МЕМОРАНДУМ ҚАБЫЛДАНАДЫ

ҚМДБ басапсөз қызметі www.muftyat.kz 10.11.2017 844 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Өзбекстан мұсылмандары діни басқармалары арасында екі елдің діни қызметін дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданады.

Меморандум мақсаты – ғылыми, мәдени, рухани қарым-қатынастарды арттыру жолында бірігіп жұмыс жүргізу, халықаралық деңгейдегі қарым-қатынаста өзара көмек көрсету, болашақ ұрпақты Ислам игілігіне, патриотизмге, өз еліне адал қызмет етуге тәрбиелеу, киелі орындарды зиярат ету бойынша ықпалдасу, екі елдегі діни-тарихи және мәдени маңызы бар қасиетті орындарға азаматтардың зиярат, тағзым етуін ұйымдастыру, т.б.

Сонымен қатар, келісім құжатта тараптар пәтуа бойынша бірізділікті сақтау бойынша өзара келісім көзделген. Діни мерекелерді Һижри жыл санауы бойынша бірізді өткізу, сондай-ақ, заманауи өзекті мәселелерде ортақ пәтуа, шешім шығару мәселесі қарастырылған.

Аталған құжатты қабылдау үшін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Өзбекстан Республикасына ресми сапары жоспарлануда.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат