Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Талдықорған имамдары сертификат алды (ФОТО)

Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 13.11.2017 283 0 пікір

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары елімізде басталып та кетті. Діни басқарма да осы мақсатта латын әрпіне көшіру жұмыстарын кезең-кезеңімен қолға алу керектігін жеткізген болатын.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі оқу семинарын бітірген имамдарға сертификат табыстады. Бұл дін саласында латын әліпбиімен жазылған алғашқы құжат. Ол ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасы негізінде ҚМДБ-ның білім және ғылым бөлімімен келісе отырып іске асырылды.

Латын әліпбиіне көшу – қазақ елінің жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуі, қазақ тілінің еркіндікке қанат жаюуы, болашақта еліміздің жан-жақты дамуының айқын көрінісі деп білеміз.

Оқу семинарында имамдар "Ақида", "Қазіргі фиқһ мәселелері", "Құран оқу және тажуид", "Уағыз айту тәртібі", "Мемлекеттік іс-қағаздарды жүргізу" сияқты пәндерден сабақ алды. Дәрістерді Мысырлық "әл-Азхар" университеті және Түркиялық "Хасеки" академиясы сияқты жоғарғы оқу орындарын бітірген білікті мамандар жүргізді.

Жалпы 122 академиялық сағат дәріс алып, имамдар емтиханнан өтті. Семинарды толықтай аяқтаған имамдарға ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы арнайы жаңа үлгідегі сертификатар табыстады. 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат