Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мұсылман кісі cотта ұлын өлтірген адамды кешірді (ФОТО+ВИДЕО)

www.muftyat.kz 13.11.2017 175 0 пікір

Жуырда АҚШ-та Трей Рельфорд курьер Салахуддин Джитмундты өлтіргені үшін 31 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, бірақ сот залында адам нанғысыз нәрсе орын алды. Марқұмның әкесі Абдул-Мумин Джитмунд ұлын өлтірген қылмыскерге кешірім берді. «Кешіре білу — исламдағы ең ұлы сыйлардың бірі», - деп атап өтті Джитмунд. Ол кешірім бермегенде Рельфордқа өлім жазасы төніп тұрған еді. Сот залында отырғандар баласын жоғалтқан әке сөзіне тәнті болды.

«Болған жағдай – өте аянышты, бірақ бұл істе бізден де жоғары көркем бір нәрсе бар — ол ұлын өлтірген адамға әкесінің кешірім беруі», – деген екен прокурордың көмекшісі.

Қылмыскерге үкім шығармас бұрын Абдул-Муминге сөз берілгенде ол былай деген екен: «Мен шайтанға ашулымын. Осы сорақы қылмысқа сені итермелеген шайтанды ғана кінәлаймын. Мен өзімнің және ұлымның 2013 жылы қайтыс болған анасының атынан саған кешірім беремін».

Ұлын жоғалтып, қан жұтып отырған әкенің жүрек жарды сөзін естіген  Рельфорд жылап жіберіп, Абдул-Муминге былай деп тіл қатыпты: «Сол күні орын алған жағдайға қатты өкінемін. Ұлыңызды өлтіріп, сіздің басыңызға қайғы әкелген адамға кешірім берген, сіз – таңғажайып адамсыз… Маған кешірім бергеніңізге рахмет».

Аталмыш жағдай мейірімділік пен кешірім ете білу күшін көрсетіп, тіпті ең қайғылы сәттер біз үшін көңіл шерін қозғайтын сабақ болуы мүмкін екенін көрсетті.  

Приговоренный к 31 годам тюрьмы Трей Рельфорд и отец убитого Абдул-мумин Джитмунд

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат