Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Мүгедек-мұсылман мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа тұрғызды

www.muftyat.kz 06.12.2017 170 0 пікір

Қоғам қайраткері әрі белсенді азамат Алмаз Ержан Қазақстан азаматтары көпшілігі үшін көркем үлгі болып табылады.

37 жасар Астана тұрғыны Әлеуметтік және инновациялық қор ашып әрі сол қор арқылы өзі сияқты мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс орнымен қамтамасыз еткен.

Ержан он шақты мүгедектерді Алматы қаласындағы тоқыма фабрикасына жұмысқа тұрғызып үлгерген. Сондай-ақ, ол өзінің жеке меншік ісін бастағылары келетін мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін жобалар дайындап, демеушілер тауып береді.

Айта кету керек, бұл дүние есігін ашқанда Ержанның дені сау болатын. Алайда 22 жасқа келгенде оның біртіндеп тістері түсе бастаған, содан кейін дәрігерлер оған ағзада кальций жетіспеушілігінен болатын сүйек дерті деген диагноз қойған екен.

Уақыт өте сырқат күшейе түсіп, омыртқаның қисаюына әрі буындардың өзгеруіне әкеліп соққан. «Алғашында балдақпен жүретінмін, бірақ буындарымның ауруы үдей түсті. Сондықтан мүгедектер арбашасына отыруыма тура келді», - деді Ержан.

Оның айтуына қарағанда, кез келген елде мүгедектер үшін жұмысқа тұру қиындықтары туындайды, ал жұмыс берушілер болса мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа алу үлестемесін көздеріне де ілмейді екен.

«Қазақстандағы мыңдаған мүгедек жандардың мүдделерін, қызығушылықтары мен мәселелерін алға бастырғым-ақ келеді. Мемлекет бұл мәселеге аса ден қоюы тиіс. Өзім арбашада отырғандықтан, бұл мәселенің бүге-шігесін жақсы білемін», - деп ағынан жарылды Алмаз Ержан.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат