Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Дубай полициясы әлемдегі орасан зор шеру өткізді

www.muftyat.kz 06.12.2017 183 0 пікір

Дубай полициясы 116 салт атты қатысқан әлемдегі орасан зор шеру өткізу арқылы кезекті әлемдік рекорд жасады. Салтанатты шеру Біріккен Араб Әмірлігінің құрылғанына 46 жыл толуына орай Мейдан ипподромында өтті.

Айта кету керек, осылайша, Дубай полициясы 2004 жылы Испанияда 105 салт аттының қатысуымен өткен рекордтан  асып түскен. Құқық қорғау ведомствосының айтуына қарағанда, аталмыш шеру Дубайдың әлемнің басқа тұрғындарына жолдаған сүйіспеншілігі, татулығы әрі төзімділігіне айналды.

Бұл шеруге аттардан басқа Дубай полициясының атағын шығарған суперкарлар мен мотоциклдер де қатысқан.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат