Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Даун синдромы бар бала сұмдық оқиғаға тап болды

www.muftyat.kz 07.12.2017 233 0 пікір

Құрама штаттардағы  Перланд қаласының бастауыш мұғаліміне қатысты тергеу жүргізілуде, ол 6 жасар Даун синдромы бар балаға расталмаған жала жабу арқылы, жас мұсылманды және оның отбасын қатты күйзелткен.

Бастауыш сыныптарының мұғалімі төтенше қызметтерге хабарласып, 6 жасар Даун синдромы бар мұсылман-баланы лаңкес болуы мүмкін деп мәлімдеп полиция шақыртқан екен.

Бейшара-педагогтің айтуынша,  сабақ үстінде баланың  «Алла» және «бум» деп айтуы оның осындай әрекетке баруына түрткі болған, деп хабарлаған  Chron.com.

Ұлы тап болған сұмдық оқиғадан қатты есеңгіреген әкесі Махер Сулейман жергілікті телеарналарға ұлының жетілу ерекшеліктеріне байланысты мүлде сөйлемейтіндігін, тек сараланбаған дыбыстар шығаратынын айтқан.

Жергілікті құқық қорғаушы Куанелла Икстің айтуынша, бұл оқиғаны естігенде ол  оған күмәнмен қараған, өйткені 6 жасар Даун синдромы бар балаға арнайы жасақ шақыру оқиғасының шындығына сенбеген еді.

«Бірақ кеңседе осы мәселе төңірегінде жұмыс  жасағанда, оқиғаның рас екенідігіне көзіміз жетті», - деген Икс.

«Ал мұғалім болса 6 жасар бала лаңкестікке қатысты  дүниелерді айтты деген. Алайда мен бұл баламен тілдесіп көрдім. Ол сөйлей алмайды. Ол жетілу жағынан көш кейін қалған әрі оның саналық қабілеттілігі бір жасар баланікіндей».

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат