Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Ақтөбенің Алқа мәжілісінде мешіт есебі тыңдалды (ФОТО)

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі nurgasyr.kz 08.01.2018 514 0 пікір

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде алқа мәжілісінің отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібі бойынша 2017 жылдың кіріс-шығыс есебі мен мешіттің ревизия комиссиясының есебі тыңдалып, мешіттің Бас есепшісі Гүлнар Маханова мен ондық мүшесі Қаныбек Кеулімжаев баяндама жасады. Және Ақтөбе өкілдігінң өткен жылғы атқарған іс-шаралар есебі бейнеролик нұсқасында көрсетілді.

Жиында алқа мәжілісінің құрамы қайта қаралып, мүшелікке жаңа кандидатуралар ұсынылды. Сондай-ақ, Қаныбек Кеулімжаев алқа мәжілісінің үйлестірушісі ретінде ұсынылып, бекітілді.

Күн тәртібіндегі төртінші мәселе – алқа мәжілісінің 2018 жылғы жұмыс жоспары талқыланды. Соның ішінде, мешіт жамағаттарының арыз-шағымдарын қарау, өтініштерін қанағаттандыру, екі жақты бітімгершілікке келтіруге атсалысу, мешіт имамдары, алқа мәжілісі мүшелерінің қатысуымен қала, аудан, ауыл мешіттерінде қоғамдық қабылдаулар өткізу, ондағы ондық ақсақалдарына ережеге сай жұмыс жасауды үйрету және олардың жұмысымен танысу, есебін тыңдау, нақты нұсқаулықтар беру секілді жұмыс бағыттары жоспарға енгізілді. Сонымен қатар,  «Нұр Ғасыр» мешітінің шаруашылық жұмыстары мен өзге де қайырымдылық шараларына қолдау көрсету мәселелері талқыланды.

 

5

6

3 

7

8

2

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат