Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

Облыстық мешітте ақ дастархан жайылды

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі 09.01.2018 688 0 пікір

 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың қолдауымен облыстық орталық мешітінде құптан намазынан кейін  жамағатқа ақдастархан жайылды.

Алдымен өкіл имам Руслан Тыныштықұлы сөз алып, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы  Ораз хазіреттің ыстық сәлемін жеткізіп,  «Мұсылманның келбеті» атты тақырыбында уағыз айтып, жамағаттың бірлігін, тыныштығын, татулығын нығайту жолында әр күн сайын жасап жатқан жақсылықтар мен ізгілікті істер көп болуын тілеп, келгендерге алғыс сезімін білдірді.   

Одан кейін  орталық мешітінің наиб имамы Бақытжан Сабыралиев «Ауызбіршілік» жайында  уағызды жиылған қауымға кеңінен жеткізіп,  діни  сауалдарға түсініктемелер беріп, жиналғандарды ауыз  дәм татуға шақырды.

Дастархан басында салихалы әңгімелер айтылып,  «Орал облыстық  орталық» мешіті жамағаттың бірлікке ұйытып, ізгілікке шақыратын осындай мәнді, мағыналы кездесулерді ұдайы өткізіп келеді. Болашақта қала, аудан мешіттерінде өз жалғасын таппақ.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Соңғылар

Мұрағат