Таң

Күн

Бесін

Екінті

Шам

Құптан

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНДА ИМАМДАР ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАРДАН ӨТТІ

ЖАМБЫЛ АУДАНЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ 11.01.2018 1003 0 пікір

 

Жамбыл ауданының орталық «Шынасыл» мешітінде аудан имамы Әли Мұратұлының ұйымдастыруымен ауыл имамдарына Елбасымыздың "Рухани жаңғыру" бағдарламасына сәйкес және Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың имамдардың діни және зайырлы біліктілігін арттыру бастамасы аясында қаңтар айының 2-сі мен 12-сі күндері аралығында он күндік семинары болып өтті.

Семинар барысында білікті мамандар келіп дәріс өткізді. Діни басқарманың шариғат және пәтуа бөлімінің басшысы Сансызбай Құрбанұлы, Гумилев атындағы Евроазиялық Ұлттық университетінің доценті, социология ғылымының кондидаты, қазақтың халық ассомблиясының ғылыми сарапшылық кеңесінің мүшесі Жақиянов Талғат Жәрдемұлы, Астана қаласы «Шұбар» мешітінің ұстазы Асхат Сәлімгерейұлы және Талғат, Қалжан, Біржан ұстаздар өз білгендерімен бөлісті. Семинар соңында Сансызбай Құрбанұлы имамдардың білім деңгейлерін жоғары бағалап сертификат табыстады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру


Ұқсастар

Мұрағат